Қазақстан оқушылары Еуропалық география олимпиадасында тарихи нәтижеге қол жеткізді

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның 9 оқушыдан құралған ұлттық құрамасы 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, команданың барлық мүшесі жүлдегер атанды.

Болгарияның Варна қаласында өткен Еуропалық география олимпиадасына (European Geography Olympiad, EGeo) 13 мемлекеттен 100 оқушы қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның 9 оқушыдан құралған ұлттық құрамасы 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, команданың барлық мүшесі жүлдегер атанды. Бұл – Қазақстанның Еуропалық география олимпиадасына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже. 

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, Олимпиада барысында қатысушылар физикалық, әлеуметтік-экономикалық және аймақтық география бойынша теориялық және практикалық тапсырмаларды орындап, картографиялық материалдар мен географиялық деректерді талдау дағдыларын көрсетті. 

Алтын медаль иегерлері: 

Андрей Енбахтов - Қостанай қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы; 

Сырым Амантай - Қарағанды облысындағы Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы. 

Күміс медаль иегерлері: 

Дарын Бекбол - Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы; 

Азамат Жумажанов - Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы; 

Айдос Серікбай - Алматы облысы, Есік қаласындағы А.Мәлкеев атындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы; 

Шынғыс Мүрсәлім - Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы; 

Нұрай Бакеева - Солтүстік Қазақстан облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы. 

Қола медаль иегерлері: 

Амир Дарынов - Шығыс Қазақстан облыстық «Білім-инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы; 

Алан Козленко - Шығыс Қазақстан облыстық «Білім-инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы. 

Ұлттық құраманы жарысқа география пәнінің мұғалімі Нұрмағамбет Данат Мұратұлы (IQanat High School of Burabay) мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Шайхина Орал Бекболатқызы дайындап, жетекшілік етті. 

Еске салайық, 2025 жылы Қазақстан құрамасы аталған олимпиадада 1 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған болатын. Қазақстан құрамасын тарихи жетістігімен құттықтап, алдағы IGeO 2026 халықаралық география олимпиадасында жаңа жеңістер тілейміз. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.