Риддер – Шығыс Қазақстанның дамыған шаһары

Риддер қаласы индустриялық әлеуетті нығайту, инвестиция тарту, туризмді дамыту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытын­да тұрақты оң сер­пін көрсетіп отыр. Қаланың даму стратегиясы экономиканы әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Өнеркәсіп өңір эко­но­ми­касының негізгі ті­ре­гі болып қала береді. Өнер­кәсіп өнімі­нің көлемі 74,5 млрд теңгені, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 65,7 млрд теңгені құрады. Жар­тыжылдық қорытындысы бойын­ша өнер­кәсіп өндірісінің көлемі 89,4 млрд теңгеге жетеді деп күті­луде. Бұл көрсеткіштер қала­ның өндірістік әлеуетінің тұрақты өсіп келе жатқанын және өңдеу секторындағы жо­ғары белсенділікті айқын­дай­ды.

Экономиканың өсуіне ин­вес­тициялық белсенділік ерекше серпін беруде. Негізгі капиталға тартылған инвес­тициялар көлемі 19,3 млрд теңгені құрады, оның 96,6 пайызы – жеке инвестициялар. Туризм және қызмет көрсету салаларында жалпы құны бір­неше миллиард теңгені құрай­тын жаңа қонақүй кешендері, демалыс базалары мен туристік нысандардың құрылысы жал­ғасуда. Бұл жобалар өңір экономикасын әртарап­тан­дырумен қатар, жаңа жұмыс орындарын құруға және кәсіп­керліктің дамуына ықпал етуде.

Туризм Риддердің жаңа эко­номикалық драйверлерінің біріне айналуда. Қала аума­ғында 42 туристік нысан жұ­мыс іс­тейді, олардың бір мез­гіл­де 1 717 адамды қабылдау мүмкіндігі бар. Өңірге келген туристер саны 10 987 адамды құрады. Туристік әлеуетті одан әрі дамыту мақсатында Риддер қаласының Туризм және ин­вес­тициялар орталығы құры­лып, инвестор­ларды сүйемел­деу, жаңа туристік өнімдерді қалыптастыру және өңірдің халықаралық деңгейдегі тар­тым­дылығын арттыру жұмыс­тары басталды.

Риддерде оқиғалық тур­изм жүйелі түрде да­мып келеді. Қала бүгінде халық­аралық және республикалық деңгейдегі мәдени және спорт­тық іс-шараларды өткізетін маңызды орталықтардың біріне айналды. Ridder Extreme Enduro халықаралық фести­валі, Altay Golden Fest, Radon Race, Ski Summer Fest, «Убинс­кие распевы», «Медовый спас» фестивальдары жыл сайын мыңдаған туристерді тартып, шағын және орта бизнестің дамуына, қызмет көрсету сала­сының кеңеюіне және өңірдің танымалдылығының артуына ықпал етуде.

Ұлттық мәдениетті дамыту бағытында биыл Риддер тарих­ында алғаш рет «Риддер – кенді Алтайдың кереметі» об­лыс­тық ақындар айтысы өт­­кі­з­ілді. Айтысқа өңірдің бел­гілі ақын­дары қатысып, ұлттық сөз өнері­н, мемлекеттік тілдің мә­р­тебесін және қазақ халқы­ның рухани мұрасын дәріптеді. Айтыс жастардың ұлттық мә­ден­иетке қызығушы­лығын арт­тырумен қатар, өңір­дің мә­дени имиджін нығайтқан маңызды қоғамдық жоба болды.

Ұлттық бірегейлікті ны­ғайту мақсатында жо­ғары деңгейде ІІ Ұлттық «Ата-Мұра» ойындары ұйым­­дастырылды. Қазақстанның түк­пір-түкпірінен келген сп­орт­шылар қазақтың дәстүрлі ұлт­тық спорт түрлері бойынша сынға түсіп, қала бірнеше күн бойы этномәдени орталыққа айналды. Іс-шара аясында этно­ауыл, қолөнер шеберле­рінің көрмелері, ұлттық тағам­дар фестивалі, этномәдени бірлес­тіктердің қатысуымен мәдени бағдарламалар ұйым­дастырылды. «Ата-Мұра» ойын­­д­ары ұлттық мұраны жаң­ғыртып қана қоймай, этно­ту­ризмді дамытуға және өңірдің туристік тартым­дылығын арт­тыруға нақты үлес қосты.

Риддердің ғылыми және мәдени әлеуетін арт­тыру мақсатында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияға елі­міз­дің жетекші ғалымдары, тарихшылар, этнографтар мен зерттеушілер қатысып, Алтай­дың түркі өркениетіндегі орны, тарихи-мәдени мұраны сақтау, ұлттық бірегейлікті нығайту және мәдени туризмді дамыту мәселелерін талқылады. Қа­был­данған ұсыныстар өңірдің тарихи-мәдени әлеуетін ғы­лыми тұрғыдан зерделеуге және оны халықаралық дең­гейде насихаттауға бағытталды.

Әлеуметтік инфрақұры­лымды жаңғырту бағытында да ауқымды жұмыстар атқары­луда. Қалада күрделі жөндеуден өткен теміржол вокзалы пайда­­лануға беріліп, тұрғындар мен туристерге көрсетілетін қызмет сапасы жақсарды. 600 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқ­талу сатысында. Сонымен қатар заманауи 500 келушіге арналған емхана және 200 төсек тік стационар іске қосыл­ып, тұрғындарға жо­ғары техно­логиялық медици­на­лық қыз­меттер қолжетімді болды.

Халықты жұмыспен қамту бойынша 722 жаңа жұмыс орны құрылды. Мемлекеттік қолдау шаралары мен жеке инвестициялардың нәтиже­сінде кәсіпкерлік белсенділік сақталып, жаңа өндірістер мен қызмет көрсету нысандары ашылуда.

Риддердің ұзақмерзімді стратегиялық дамуындағы ең ірі жобасының бірі – «Анатау» халықаралық деңгейдегі төрт маусымдық тау-шаңғы курор­тын құру. Жоба аясында ұзын­дығы 60–100 шақырымға дей­інгі тау-шаңғы трассалары, заманауи аспалы жолдар, 5 мың орындық қонақүй инфра­құрылымы және инженерлік желілер салу көзделген. Бұл жоба іске асқан жағдайда Рид­дер Қазақстанның ғана емес, Орталық Азиядағы жетекші тау туризмі орталықтарының бірі­не айналып, өңірдің инвес­тициялық және туристік әлеу­етін жаңа деңгейге көтереді.

Экономикалық өсім­нің тұрақты қар­қыны, өн­ді­рістің да­муы, жеке инвес­тиция­лардың артуы, туризмнің жаңа сапалық деңгейге көте­рілуі, ұлттық мәден­иет­ті қолдау және әлеу­мет­тік инфрақұры­лым­ның жа­ңаруы Риддердің ел­­дің шығыс өңіріндегі стра­тегиялық маңызы бар өсу орта­лығы ретінде қалыпта­сып келе жатқанын көрсетеді.

Дайындаған Мадияр Жалғасұлы