2026 жылғы Әлем чемпионаты: 1/8 финалдың барлық жұбы анықталды

АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан әлем біріншілігінің келесі кезеңінде командалар мынадай жұптарда кездеседі

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы барлық матч аяқталып, 1/8 финалға жолдама алған құрамалардың толық тізімі белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан әлем біріншілігінің келесі кезеңінде командалар мынадай жұптарда кездеседі (Астана уақытымен):

4 шілде

21:00 – Канада – Марокко.

5 шілде

01:00 – Парагвай – Франция.

6 шілде

00:00 – Бразилия – Норвегия;

04:00 – Мексика – Англия;

23:00 – Португалия – Испания.

7 шілде

04:00 – АҚШ – Бельгия;

20:00 – Аргентина – Мысыр.

8 шілде

00:00 – Швейцария – Колумбия.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты турнир тарихында алғаш рет 48 ұлттық құраманың қатысуымен өтіп жатыр. Ал чемпионаттың финалдық кездесуі 19 шілдеге жоспарланған.