АҚШ-та Мейрамбек Бесбаевтың домбыра тартқан видеосы жарияланды
Әлеуметтік желіде әнші Мейрамбек Бесбаевтың АҚШ-та домбыра тартып отырған видеосы тарады.
Видеода өнер иесінің «Әлқисса» күйін орындағаны көрінеді. Оның орындауын көпшілік жылы қабылдап, қошемет білдірген.
Сондай-ақ кадрдан әнші Ғазизхан Шекербек пен көп жылдан бері Америкада тұрып жатқан композитор Марат Омаровты да көруге болады.