Nur Otan: «Біз біргеміз!» акциясы аясында 11 600-ден астам отбасыға 214 миллион теңгеге көмек көрсетілді
Nur Otan: «Біз біргеміз!» акциясы аясында 11 600-ден астам отбасыға 214 миллион теңгеге көмек көрсетілді
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Біз біргеміз!» акциясы аясында көрсетіліп жатқан көмек жайында Facebook-тағы парақшасында жазды.    width= Бауыржан Байбек: «Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Елбасының тапсырмасы бойынша Nur Otan партиясы мен Тұңғыш Президент қоры коронавирус кезеңінде халықтың әлеуметтің әлсіз тобына қолдау көрсету үшін қаражат бөлді. Тек соңғы 6 күнде бүкіл еліміз бойынша 11 600-ден астам отбасыға 214 миллион теңгеге көмек көрсетілді. Жалғызбасты қарттарға, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен басқа да мұқтаж жандарға әлеуметтік пакеттерді байланыссыз үлестіріп беруге ерікті түрде атсалысып жүрген Jas Otan волонтерлері мен белсенді нұротандықтарға алғыс айтамын», – деп жазды.    width=