Украина Қарулы күштері 5 шілдеге қараған түні уақытша аннексияланған Қырымдағы Ресейдің негізгі әскери әуе базаларының бірі – «Гвардейское» аэродромына соққы жасағанын мәлімдеді.
Украина Бас штабының мәліметінше, сондай-ақ Донецк облысындағы екі автомобиль көпірі мен Донецк, Луганск және Херсон облыстарындағы үш оқ-дәрі қоймасы да нысанаға алынған.
Ресей тарапы бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.