Украина Швециядан 16 Gripen E жойғыш ұшағын сатып алады

Украина Швециядан 16 Gripen E жойғыш ұшағын сатып алады

Польшаның Interia басылымының мәліметінше, Украинаға жеткізілетін 16 Gripen E жойғыш ұшағының біреуінің құны шамамен 158,8 млн долларды құрайды. Бұл Польша 2020 жылы АҚШ-тан сатып алған F-35 ұшағының бағасынан (143,8 млн доллар) жоғары.

Басылымның жазуынша, келісімге ұшақтардан бөлек қосалқы бөлшектер, техникалық қолдау, оқыту және қару-жарақ пакеті де кіреді. Сонымен қатар Швеция өз әскери-әуе күштерінен 16 Gripen C/D ұшағын Украинаға тегін беруді жоспарлап отыр.

Interia қорғаныс саласындағы мұндай келісімдердің нақты құрамының толық жарияланбайтынын, сондықтан бағаның жоғары болуы қосымша қызметтер мен жабдықтардың көлеміне байланысты болуы мүмкін екенін атап өтті.