Рудныйда тұрғын үй өртеніп, 10 адам эвакуацияланды

Рудныйда тұрғын үй өртеніп, 10 адам эвакуацияланды

Бүгін кешке Рудный қаласында төрт қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Өрттің жалпы ауданы 10 шаршы метрді құрады.

ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы екі адамды, оның ішінде бір баланы құтқарды. Сонымен қатар, ғимараттан 10 тұрғын эвакуацияланды.

Өрт толық сөндірілді. Оқиға орнында ТЖД бөлімшелері, полиция қызметкерлері және жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істеді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда. Өрттің шығу себебі анықталуда, - деп жазылған ресми хабарламада