Әнші Айдар Тұрғамбектің әрекеті қызу талқыға түсті

Әнші әзірге желіде айтылған сын-пікірлерге жауап бермеді.

Әнші, «Жігіттер» тобының мүшесі Айдар Тұрғамбек әлеуметтік желіде кірпі етінен дайындалған сорпаны ішіп отырған видеосын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.  

Оның бұл әрекеті қызу талқыға түсті. Әнші бейнежазбада кірпі етінен әзірленген сорпаның асқазанға пайдалы екенін айтқан. 

Алайда желі қолданушылары оның бұл әрекетін сынға алды. Кейбірі кірпі етінің адам денсаулығына пайдасынан гөрі зияны көп болуы мүмкін екенін айтса, енді бірі мұндай тағамды тұтынуға болмайтынын жеткізген.

Әнші әзірге желіде айтылған сын-пікірлерге жауап бермеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.