Қазақстанда маусым айында 125 сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мәлімдеді.
Бұдан бөлек, 9 алаяқтық, 8 лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану, 7 жымқыру, 3 қызметтік жалғандық жасау және 1 билікті асыра пайдалану фактісі тіркелген. Есепті кезеңде 67 адам қылмыстық істер бойынша күдікті деп танылды. ҰҚК ақпаратына сәйкес, 149 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 129-ы сотқа жолданған.
Ведомствоның мәліметінше, аяқталған істер бойынша келтірілген залал көлемі 4,7 млрд теңгені құрады. Соның ішінде 2,1 млрд теңге мемлекет бюджетіне қайтарылған. Сонымен қатар құны 971,4 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.