Ақтауда жалаңаш жүрген ер адам қамауға алынды

Сот анықтағандай, оқиға 2026 жылдың мамыр айында болған.

Ақтауда бір жыл ішінде екінші рет тәртіп бұзған ер адам 20 тәулікке қамалды. Ол көпқабатты үй дәлізінде жалаңаш жүріп, көршілеріне жағымсыз әсер қалдырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Р.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Бұл – қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалса қозағалатын іс. 

"Азамат Р. Ақтау қаласы 14 шағынауданы №32 үйдің дәлізінде жалаңаш жүріп, яғни қоғамдық орында айналасына құрметпен қарамай, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап қасақана ұсақ бұзақылық жасаған", – деп жазылған соттың хабарламасында. 

Құқық бұзушының кінәсі жәбірленушінің арызымен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен және оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен толық дәлелденді. 

Осылайша, сот қаулысымен күдікті кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.