Шымкентте пара алған басқарма басшысы 4 жарым жылға сотталды
Шымкентте пара алған басқарма басшысы 4 жарым жылға сотталды
Фото: Интернеттен алынды
Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаровтың айтуынша, күдікті 300 мың теңге пара алған. Ол коммерциялық семинар өткізуге «Шымкент цирк» МҚК залын жалға алуда цирк кассасына іс жүзінде қаражат төлеместен, қосымша уақыт бөлуге жәрдемдескені үшін кәсіпорын өкілінен 300 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікті болған.
– Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін «Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Б. Үмбетке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеуді өндіріспен аяқтады. 2020 жылдың 19 наурызында Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотының үкімімен Үмбет 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды, – деді Бегайдаров.
Сотталушы өмір бойына мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан да айырылды.