Найзағай разрядтары себеп болған: елімізде 10 орман өрті тіркелді

Еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр.

Бүгін мемлекеттік орман қоры аумағында 10 орман өрті тіркелді. Бұл туралы Экология министрлігі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Өңірлер бойынша: 

• Батыс Қазақстан облысы – 1; 

• Павлодар облысы – 1; 

• «Семей орманы» МОТР – 2; 

• «Ертіс орманы» МОТР – 6.   

Өрт ошақтары «Казавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе патрульдеуі мен ерте анықтау жүйелері арқылы дер кезінде анықталып, жедел әрекет ету нәтижесінде толық сөндірілді.   

Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзеті, «Казавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе өрт сөндіру десанты, тікұшақтары және арнайы техникасы жұмылдырылды.   

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің шығу себебі – найзағай разрядтары.   

- Құрметті азаматтар! Еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр. Орман алқаптарына барған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз, - делінген министрлік хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.