Абай облысында жол жабылды: жүргізушілерге ескерту жарияланды

ҚазАвтоЖол жүргізушілерге ескерту жасады.

Абай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚазАвтоЖол жүргізушілерге ескерту жасады.

«2026 жылғы 8 шілде сағат 23:45-тен бастап Абай облысында жаңбыр суларының жолдың жүру бөлігі арқылы тасып өтуіне байланысты республикалық маңызы бар «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» KAZ15 автожолының 852-900 шақырым аралығында (Қызыл-Кесік ауылынан – Сәтбаев ауылының бұрылысына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», - делінген хабарламада. 

Шектеу қойылған жолдар туралы толық ақпаратты www.qaj.kz сайтындағы «Ақпараттық картадан» көре аласыздар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.