Жақын арада бос орынға орналасу бойынша сұхбаттасу өтеді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (әрі қарай-Кәсіпорын) бос орынға орналасуға сұхбаттасу өтетінін жариялайды:

- Кәсіпорынның Қызылорда облыстық филиалының директоры;

Үміткерлер хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

1) қоса берілген құжаттардың тізбе­сімен бірге сұхбаттасуға қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландырушы құжат­тың көшірмесі;

3) фотосымен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме (нақты тұратын мекенжайлары мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжат­тардың нотариалды расталған көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қа­был­данғаны және еңбек шартының тоқ­т­атылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

Аталған құжаттардың біреуі болмай қалған жағдайда сұхбаттасуға қатысу­шының құжаттарын қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Үміткерлерге келесі біліктілік талап­тары қойылады:

1) Мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім ветеринария (ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария);

2) Еңбек өтілі басқару лауазымында 5 жылдан кем емес;

3) Зертханалық менеджментті, ветери­нариялық заңнамасын білуі;

4) Компьютерде және өзге де орг­техникалармен жұмыс істей білуі;

5) Мемлекеттік және орыс тілдерін білуі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8:30-дан бастап 12:30-ға дейін және 13:30-дан бастап 17:30-ға дейін, Астана қ-сы, Республика даңғылы, 50/1, 5- қабат, 509 кабинет  мекенжайы бойынша қабыл­данады, байланыс телефоны, факс 8(7172) 91-61-24, 91-61-14, 91-61-13, эл.пошта: odo-rvl.ast-2025@mail.ru.

 

«Астана су арнасы»

ҚР 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ «Табиғи монополиялар туралы» заңының 25-бабы, 10-тармағына сәйкес «Астана су арнасы» МКК тұрғындарды, кәсіпорындар мен ұйымдарды реттелетін қызметтерді тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға көрсету бойынша жыл сайынғы есеп беру өткізілетінін хабарлайды.

Субъектінің атауы: «Астана су арнасы» МКК.

Есептік кезең: 2026 жылдың I жартыжылдығы.

Жыл сайынғы есептің өткізілетін уақыты және орны: 2026 жылғы 29 шілдеде, сағат 1500-де, Астана қаласы, Абай даңғылы 103 (акт залы және онлайн-конференция тәртіптемесі).

Реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері: сумен жабдықтау және кәріздендіру.