Оралда өрт сөндірушілер 16 адамды құтқарды

Өрт жедел сөндірілді. 

Орал қаласындағы Самал көшесінде тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына барғанда алтыншы қабаттағы баспалдақ алаңында жеке заттардың жанғаны анықталды. Құтқарушылар дереу өртті сөндіруге және құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті.

Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер бір адамды құтқарып, 15 тұрғын, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады.

Өрт жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.