Қазгидромет 10 шілдеде бірқатар өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл және екпінді жел болады.
Астанада күндіз ауа температурасы +35…+36 градусқа дейін көтеріледі.
Алматыда күндіз +35 градус ыстық.
Шымкентте күндіз +40 градусқа дейін аптап ыстық болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында күндіз ауа температурасы +35…+37 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың шығысы мен солтүстігінде солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде +36 градусқа дейін ыстық. Оңтүстігінде солтүстік-шығыс желінің екпіні 15 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында күндіз +35…+38 градусқа дейін ыстық болады.
Жезқазғанда ауа температурасы +36…+38 градусқа дейін көтеріледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік және солтүстік-батыс желінің екпіні 15–20 м/с болады.
Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады, түнде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +35…+38 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде күндіз шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Ауа температурасы +40…+42 градусқа дейін жетеді. Облыста жоғары, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде жауын-шашын, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +35…+38 градус болады. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында күндіз +35…+36 градусқа дейін ыстық болады. Облыстың батысында жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында түнде және күндіз кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +35…+38 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +35…+36 градус ыстық күтіледі.
Алматы облысында күндіз +35…+38 градусқа дейін ыстық болады. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +35…+36 градусқа дейін көтеріледі.
Абай облысында солтүстік және солтүстік-шығыс желінің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде +35 градус ыстық болады. Оңтүстік-батысында жоғары, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары, солтүстік-батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығы мен шығысында күндіз шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы +40…+42 градусқа дейін көтеріледі. Облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы +38…+40 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың шығысында жоғары, батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.