Елордадағы Байқоңыр ауданы Алаш тас жолының бойында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны аумағында қоқыс өртке оранды. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға орнында ТЖМ мен ЖАО күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге 100-ге жуық жеке құрам мен 47 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Өртті сөндіру жұмысы қою түтін мен қатты тұрмыстық қалдықтардың жану ерекшеліктеріне байланысты күрделене түскен.
– Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сөндіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Жағдай бақылауда. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.