Оралда көлік қағып кеткен 7 жастағы қыз қаза тапты

Әлеуметтік желіден мәлім болғанындай, жол апатына әжесі мен немересі ұшыраған.

Оқиға 6 шілде күні шамамен сағат 19.40-та болған. Орал қаласында автокөлік 1970 жылғы әйел мен 2019 жылғы қызды қағып кеткен, салдарынан біреуі мерт болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Mitsubishi Outlander автокөлігінің жүргізушісі Әбілқайыр хан даңғылымен келе жатып, Д.Қонаев шағынауданы 67-үй тұсында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген. Сөйтіп белгіленбеген жерден жүгіріп өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 

Салдарынан 1970 жылғы әйел мен 2019 жылғы қыз бала түрлі дене жарақаттарымен қалалық көпбейінді аурухана түсті. Артынан 7 жастағы қыз қаза тапты.

— Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізілуде. Жан-жақты тергеу қорытындысына сәйкес заңды процессуалдық шешім қабылданады. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, — деп хабарлады ведомстводан.

 Қазір қыздың тума-туысқандары аталмыш жол-көлік оқиғасының куәгерлері мен бейнежазбасы бар жүргізушілерді іздестіріп жатыр.