Коронавирусқа байланысты елімізде қанша адамның карантинде жатқаны белгілі болды

Коронавирусқа байланысты елімізде қанша адамның карантинде жатқаны белгілі болды

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа байланысты елімізде қанша адамның карантинде жатқанына қатысты мәліметті жариялады. "Бүгінде 6 963 қазақстандық карантинде жатыр. Оның 2 164-і стационарлық, ал 4 799-ы үй карантинінде.

Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтарғандардың саны 97-ге жетті.
"Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 55 адам, Алматы қаласында - 34 адам,  Қарағанды қаласында – 2 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам", - делінген хабарламада.
Екі күннің ішінде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 25-ке өскен Осылайша, стационарлық каратинде жатқандар 459-ға, үй карантиндегілер 1806 адамға артты. Осыған дейін Қазақстанда екі науқастың коронавирустан жазылғанын хабарлағанбыз. Олар бүгін ауруханадан шығарылады.