"Әділет" партиясының Саяси кеңесінің мүшесі, Астана қаласындағы "Өзбек" этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Болатов бүгінгі басқосудың елге берер маңызы жайлы сөз қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Оның айтуынша, бүгінгі "Әділет" партиясының кезектен тыс өтіп жатқан жиыны – ертеңгі тарихы.
– Бүгінгі "Әділет" партиясының кезектен тыс ІІІ съезі – біз үшін тарихи жүздесу. Бұл басқосудың мақсаты – партиямыздың ары қарайғы жұмысын ғана емес, бағыт-бағдарын талқылап, елдің игілігі мен мемлекеттің тұтастығын бекіте түсуіне ықпал ететін шешімдерді қабылдау. Еліміз жаңа кезеңге өтті.
Біздің міндет – бүгін талқыланған мәселелердің шешімін табу. Әсіресе, партияның ұстанған бағыттары жаңа Конституцияны іске асыру болып саналады. Өйткені "Әділет" партиясы әрбір адамның мұң-мұқтажын тыңдап қана қоймай, сол мәселелерді үлкен алаңдар талқылап, қозғау салып, шешімін табуды қолға алып отыр.
Партиямыздың негізгі жұмысы жастарға бағытталғанын байқауға болады. Партияның ұстанған бағыттары – жаңа Конституцияны іске асыру және ертеңгі әділетті ел болуының бірден-бір негізі. Сондықтан біздің басты міндет – Әділетті Қазақстан құндылықтарын қорғау және қоғамдағы әділдік қағидаларын нығайту. Яғни, бұл әділеттілікті орнатуға және әрбір адамға әділеттілікті жеткізу керегін көрсетеді. Осындай бағытпен біз жақсылыққа жетеміз, – деді ол.