Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.

Қазақстан азаматтары тиісті сайлау учаскелерінің аумағындағы тұр­ғылықты жері бойынша дауыс береді.

Сайлаушы өзінің болатын жерін ауыстырған кезде дауыс беру күні­не он бес күн қалғанда немесе 2026 жылғы 7 тамыздан бастап учас­келiк сайлау комиссиясына өз өтініші бойынша және жеке басын куә­ландыратын құжатты көрсеткен кезде дауыс беру құқығын беретiн есеп­тен шығару куәлігін ала алады. 

Есептен шығару куәліктерін беру дауыс беру күнінен бір күн бұрын, яғ­ни 2026 жылғы 22 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде тоқ­татылады.

Есептен шығару куәлігін сенімхат бойынша алуға рұқсат етіледі. Сенімхатты нотариатта куәландыру талап етілмейді.

Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді жә­не оның телнұсқасы берілмейді.

Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді. 

Уақытша болатын жері бойынша сайлау учаскесінде дауыс беру кезінде учаскелік сайлау комиссиясы сайлау күні сайлаушыны жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде сайлаушылар тізіміне енгізіп, есептен шығару куәлігінің орнына дауыс беруге арналған бюллетень береді.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы