Ауыр атлет Нұржан Жұмабай рекорд жаңартып, әлем чемпионы атанды

Отандасымыз 88 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    

Отандасымыз 88 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Нұржан Жұмабай қоссайыс қорытындысы бойынша 348 (155+193) келіні еңсерді. Сондай-ақ серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты.

ҚР ҰОК мәліметінше, күміс медальді Эрик Гуадамуд (Испания) жеңіп алды - 344 (156+188) келі. Ал Хосе Мантилья (Мексика) үздік үштікті түйіндеді - 335 (151+184) келі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.