U19 Азия чемпионаты: тағы екі боксшымыз жартылай финалға өтті

55 келідегі Едіге Нұрғожа ширек финалда Жапония боксшысы Рюсей Китамурамен қолғап түйістірді.

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

U19 санаты бойынша 55 келідегі Едіге Нұрғожа ширек финалда Жапония боксшысы Рюсей Китамурамен қолғап түйістірді. 

Отандасымыз 3 раундта да үстемдік танытып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Есеп: 5:0.

Сонымен қатар U19 санаты бойынша 50 келідегі Әділ Асқанбай ширек финалда Филиппин өкілі Лео Мхар Лобридомен жоғары қарқында жекпе-жек өткізді. 

Өте шиеліністі өткен айқастың тағдыры шешуші раундта шешіліп, отандасымыз қарсыласын нокдаунға жіберді. Дәл осы сәт төрешілерге де әсер етіп, 5:0 есебімен Әділ жеңіске жетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.