«1001 түн» бағдарламасында актриса Жұлдызай Дүйсенбиева қонақта болды, - деп жазды Aikyn.kz.
Актриса такси жүргізушісінің кішіпейілдігіне риза болып, оның тойына барған сәтті айтып берді. Ол өмірде адамгершілік маңызды екенін атап өтті.
«Шымкентте таксимен тойға бара жатқанмын. Такси жігіт мың болғыр бала екен. Жолай гүл мен конверт алуды ұмытып кеткенімді айтып, жүргізушіден дүкен маңында тоқтауын сұрадым. Бірақ ол мені әуре қылмай, өзі барып алып келді. Оның бұл әрекеті қатты ұнады, тіпті таңғалдым. Сол кезде ол мені өзінің тойына шақырды. Шымкентке жолым түссе баратынымды айттым. Тура сол уақытта той шығып, Шымкентке баратын болдым. Сол жігіттің тойына барып та үлгердім. Ата-анасы таңғалып, көзіне жас алды», - дейді актриса.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.