Қуат Хамитов UFC жұлдызы Арман Царукяннан жеңілді

Қуат Хамитов UFC жұлдызы Арман Царукяннан жеңілді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов АҚШ-тың Real American Freestyle (RAF) лигасының Грузиядағы турнирінде армениялық UFC жұлдызы Арман Царукянға есе жіберді.

Кездесу еркін күрес ережесі бойынша өтті. Үшінші кезеңге 54 секунд қалғанда Царукян есепті 11:0-ге жеткізіп, техникалық басымдықпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Жекпе-жек барысында Хамитов бірнеше шабуыл жасауға тырысқанымен, қарсыласының қорғанысын бұза алмады.

Осы жеңістен кейін Арман Царукянның RAF лигасындағы көрсеткіші 7 жеңіс, жеңіліссіз болып тіркелді.

Енді 18 шілдеде Милуокиде өтетін RAF 11 турнирінде Царукян ұйымдағы ең маңызды кездесулердің бірінде америкалық Колби Ковингтонмен күш сынасады