Анкараға ұшу жиілігі аптасына жеті ретке артады

Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы әуе рейстерінің саны артып келеді.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшу жиілігін арттыру бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осы жылдың тамыз айынан бастап AJET Астана-Анкара және Алматы-Анкара бағыттары бойынша әр бағытта ұшулар санын аптасына екіден жетіге дейін арттырады.

Ұшу жиілігінің артуы екі ел арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.