Нұрай Серікбайдың туыстары соттың тікелей эфирде өтуін талап етті

Бұған қоса, жәбірленуші тарап сот отырысының ашық өтіп, тікелей эфирде көрсетілуін талап етіп отыр.

Шымкентте қаза тапқан Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаровтың мәліметінше, прокурор күдіктіге қатысты айыптау актісін бекітіп, істі Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберген.

Адвокаттың айтуынша, сотқа дейінгі тергеу толық аяқталған. Енді іс сотта мәні бойынша қаралады. Ол жәбірленуші тараптың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жалғастыратынын айтты.

Сондай-ақ қорғаушы істің жан-жақты әрі әділ қаралуы үшін заңда қарастырылған барлық тетіктер қолданылатынын жеткізді. Бұған қоса, жәбірленуші тарап сот отырысының ашық өтіп, тікелей эфирде көрсетілуін талап етіп отыр.