Ильхам Әлиев Қазақстанның екіжақты қарым-қатынасты дамытудағы рөлін атап өтті

Әзербайжан президенті Қазақстанға Қарабақты қолдағаны үшін рақмет айтты.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен арадағы жеке қарым-қатынас екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқаратынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы ол Шушадағы IV жаһандық медиафорумында мәлімдеді.

Ильхам Әлиев Қарабақты қалпына келтіруге қосқан үлесі үшін Қазақстанға алғыс айтып, екі ел басшыларының тығыз өзара іс-қимылы бірлескен көлік, энергетика және цифрлық жобаларды жүзеге асыруға ықпал етіп отырғанын атап өтті. Оның ішінде Орта дәлізді дамыту, Каспий теңізінің табанымен энергетикалық және талшықты-оптикалық кабельдер тарту, сондай-ақ қазақстандық мұнайды Әзербайжан аумағы арқылы тасымалдау жобалары бар.