Мемлекет басшысы Черногория Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Черногорияның Мемлекеттілік күніне орай Президент Яков Милатовичті құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Черногория арасындағы достыққа және өзара құрметке негізделген көпжылдық ын­ты­мақ­тастықты жоғары бағалайтынын жеткізді.

Жеделхатта Чер­ногория көшбасшысының жуырда Астанаға жасаған ресми са­пары екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы маңызды ке­зеңге жол ашқаны және кең ауқымды салалардағы ынты­мақ­тас­тық­ты одан әрі нығайтуға мүмкіндік бергені атап өтілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Яков Милатовичтің жауапты мем­лекеттік қызметіне табыс, ал достас Черногория халқына құт-береке тіледі.