Президент Дохаға барды

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне және оның әулетіне Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тә­нидің дүниеден озуына бай­ла­ныс­ты көңіл айту үшін Дохаға бар­ды.

Президент қуатты әрі өркен­де­ген Қатар Мемлекетін құруға шейх Хамадтың өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.

– Қазіргі Қатардың көптеген  ай­­ту­лы тарихи жетістігі мен ха­лық­ара­­лық аренадағы жоғары бе­делі оның есі­мімен тығыз байланысты. Шейх Ха­мад әлемдік ауқымдағы мем­­лекет қай­раткері әрі қазақ хал­қы­ның  досы еді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазақ-қатар қарым-қатынасының қалып­тасып, табысты дамуына шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің зор еңбек сіңіргенін айтты. 

Ол Қазақстанға екі рет ресми са­пармен келді. Әмірді бірінші са­пары кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі қыз­метінде қарсы алған. 

Мемлекет басшысы шейх Ха­мад­тың бастамасымен Астанада әл-Фараби мешіті бой көтергенін, сондай-ақ Қазақстан тәуел­сіз­дігінің алғашқы жылдарында бір­қатар әлеуметтік және инфра­құры­лымдық жобалар жүзеге асқа­нын еске алып, ризашылық білдір­ді. Бұл – екі ел арасындағы шынайы дос­тық пен өзара түсіністіктің жар­­қын көрінісі іспеттес.

– Осынау қаралы сәтте Алла Та­ғаладан марқұмның жаны жән­нат­та болуын сұрап, дұға етеміз, – деді Қазақстан Президенті.

Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арнайы келіп көңіл айт­қаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Қатар мен Қазақстан халықтарының бауырластық бай­ланыстары айрықша сипатқа ие екеніне назар аударды.

Қатар тарапының бастамасымен мем­лекеттер басшылары қазіргі ха­лықаралық ахуал, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай туралы пікір алмасты.

Президент Қатар Әмірін өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға са­пар­­мен келуге шақырды. Шейх Тә­мим бен Хамад Әл Тәни ша­қыру­ды ықыласпен қабыл алды.