24- 26 наурызда Қарулы Күштер биологиялық қорғау бөлімшелерінің жеке құрамы қалалық дезинфекция қызметімен бірге Алматы қаласындағы көшелерді өңдеуді жүргізді.
Дезинфекциялық ерітіндісі бар жеке газсыздандыру жиынтығымен жабдықталған әскери қызметшілер және автомобиль құю станцияларының легі жол бойымен тура қозғалып, қаланың бірнеше ірі көшелерін дезинфекциялады және ауруханалар, базарлар, вокзалдар, мектеп пен балабақшаларды дезинфекциялады.
Айта кету керек, дезинфекциялау жөніндегі іс-шаралар коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабпен өзара іс-қимыл бойынша ұйымдастырылады, арнайы өңдеуге арналған аумақтарды жергілікті атқарушы органдары анықтайды. Жеке құрам мен әскери техниканы жұмыс барысында әскери полиция алып жүреді.