Коронавирустан айыққан 2 адам ауруханадан шықты
Коронавирустан айыққан 2 адам ауруханадан шықты
© сурет интернеттен алынды
105
оқылды
Коронавирустан айыққан 2 адам ауруханадан шықты, - деп мәлімдеді «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев. "Олардың біреуі Алматыда, екіншісі Нұр-Сұлтанда емделді. Денсаулық сақтау министрлігінің хабары бойынша, кеше осы ақпарат тараған соң БАҚ өкілдері пациенттер туралы сұрап, хабарласқан екен. Сондықтан дәрігерлік құпияны сақтау жөнінде тағы да бір еске саламыз. Ешкім де коронавируспен ауырған адам ретінде аты шыққанын қаламайтын шығар. Сіздер сол адамның орнына өздеріңізді қойып көріңіздер. Олардың барлығы өз азаматтарымыз. Бұл азаматтар жеке басына қатысты деректерді жарияламауға құқығы бар", - деді министр. Еске сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтарғандардың саны 97-ге жетті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 55 адам, Алматы қаласында – 34 адам,  Қарағанды қаласында – 2 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам тіркелген.