Қаза тапқандардың туыстарына 40 миллион теңге моральдық өтемақы өндірілетін болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы бүгін Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шешім қабылданды. Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемәлиевтен қаза тапқандардың туыстарының пайдасына 40 миллион теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу туралы шешім шықты.
Жауапкер Сұлтан Сәрсемәлиевтен талапкердің пайдасына моральдық зиянның өтемақысы ретінде 40 миллион теңге өндірілетін болды.
Баян Жанұзақова