Қазақстан дзюдошылары Asian Open турнирінде сегіз медаль жеңіп алды

Мейірбек Байзақов (66 келіге дейін), Айшабибі Мұрадимова (52 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Қазақстандық дзюдошылар Тайбэйде өткен Asian Open турнирін сегіз медальмен аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мади Жеткерген (73 келіге дейін) мен Санжар Жаббаров (100 келіден жоғары) алтын медаль жеңіп алды.

Мейірбек Байзақов (66 келіге дейін), Айшабибі Мұрадимова (52 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Асылхан Зинуллин (60 келіге дейін), Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келіге дейін), Мади Еділбаев (100 келіден жоғары), Аяна Дүйсенбай (48 келіге дейін) үшінші орыннан көрінді.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан үшінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды Оңтүстік Корея (7 алтын, 5 күміс, 10 қола) иеленсе, екінші орынға Жапония (4 алтын, 1 күміс, 2 қола) жайғасты.