Мемлекет басшысы Қазақстанның Қырғызстандағы жаңа елшісін қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әңгімелесу барысында Президент бауырлас Қырғызстанмен достықты, тату көршілікті, стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовқа екі ел арасында көлік-транзит, энергетика, су, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді. 

Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланысты жандандыруға баса назар аударылды.