Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев ұйымның жаңартылған жеңіл салмақ (flyweight) рейтингінде бесінші орынға көтерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл жетістікке ол Бакуде өткен UFC Fight Night турнирінде америкалық Чарльз Джонсонды жеңгеннен кейін қол жеткізді. Жаңартылған рейтингте Алмабаев жапониялық Киоджи Хоригучиден озып, дивизионның үздік бестігіне енді.
Қазіргі таңда UFC-дің жеңіл салмақтағы үздік бестігі мынадай:
Чемпион – Джошуа Ван;
Алешандре Пантожа;
Манель Капе;
Брэндон Ройвал;
Тацуро Таира;
Асу Алмабаев.
Еске салайық, UFC 329 турнирінен кейін рейтингтің төртінші нөмірі Брэндон Ройвал қазақстандық файтерді жекпе-жекке шақырған еді. А. Алмабаев бұл ұсынысқа әлеуметтік желі арқылы келісім берген.
Айта кетейік, Асу Алмабаевтың аралас жекпе-жектегі рекорды – 24 жеңіс және 3 жеңіліс.