«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, еліміздің бірқатар өңірлерінде қатты ыстық пен жоғары өрт қаупі сақталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Астана қаласында ауа температурасы +35…+39°C болады. Найзағай, дауыл, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы қаласында ауа температурасы +35…+37°C болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қаласында ауа температурасы +40…+42°C болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Кейбір өңірлерде найзағай, қатты жел, шаңды дауыл және бұршақ жаууы күтіледі.
ТЖМ ауа температурасы жоғары кезеңде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертеді. От көздерін қараусыз қалдырмаңыздар, белгіленбеген жерлерде от жақпаңыздар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.