Аудандық аурухананың облыс көлемінде ауқымды жабдықталуы өз септігін тигізді – Темірхан Бегісбаев

Инсульт орталығы қосылғалы халыққа көрсету қызметінің сапасы ғана емес, оның түрлері де арта түскен. Алғашқыда онда жүрекке байланысты 50-ге жуық ота жасалса, бүгінде оның саны 300-ге жеткен.

Елімізде халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған қайырымдылық қорлар жоқ емес бар. Десе де әрқайсының бағыты әртүрлі. Соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік инфрақұрылым салаларына басымдық беріп келе жатқан Болат Өтемұратов қорын атауға болады.

Халқының денсаулығына мән беріп, медициналық жағдайын да барынша жақсартуға тырысқан. Әсіресе, еліміздің шалғай ауыл-аймағындағы емханалар мен аурухананың жабдықталуына, жаңартылуына көңіл бөлген. Оның бастамасы сонау 2013 жылы «Burabike Fest» фестивальден басталады. Өйткені бұл фестиваль қордың ұйымдастыруымен өтеді. Ал одан түскен қаржыны облыстық қана емес, аудан мен ауылдық жерлердегі ауруханаларға аса қажетті жабдықтарды алуға жұмсалды.

Жеті жыл ішінде еліміз бойынша шалғайдағы 28-ге жуық медициналық мекемелер жаңартылып қана қоймай, замануаи  жабдықтармен жабдықталды. Нақтырақ атап айтар болсақ, Ақмола облысы бойынша жетеу, Солтүстік Қазақстан облысында – үшеу, Қарағанды облысында – 1, Қызылорда облысында – үшеу, Жамбыл облысында – біреу, Алматы облысында – бесеу, Батыс Қазақстан облысында үшеу және Ақтөбе облысында біреу. Олар үшін реанимобильдер, өкпені жасанды желдету аппараттары, наркозды-тыныс алу аппараттары және тағы басқалары.

Қостанай облысындағы Әулиекөл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігер міндетін атқарушы Темірхан Бегісбаев сол жылдары енгізілген жаңартудың игі жақсылығын әлі күнге дейін көріп отырғанын сөз етті.

– Аудандық аурухананың облыс көлемінде ауқымды жабдықталуы бірінші рет. Сондықтан оның жергілікті тұрғындарға ғана емес, көрші аудандарға да септігін тигізіп жатыр. Негізі біздің аурухана 22 мың халыққа қызмет етеді, 120-ға жуық төсек орны бар. Жолдың бойында орналасқандықтан қосымша Қарасу ауданы, Наурыз ауданынан түскен ауыр науқастарды да қабылдаймыз. Инсульт бөлімшесі қосылғалы халыққа көрсету қызметінің сапасы ғана емес, оның түрлері де арта түсті. Бұрын-соңды біз инсультті науқастарды, яғни жүрек талмасы және инфарктпен түскендерді жедел қалаға жеткізуге тырыссақ. Қазір бұл көмекті өзімізде атқаратын халге жеттік. «Көш жүре түзеледі» демекші, алғашқы жылдары біздің орталықта жүрекке байланысты 50-ге жуық ота жасасақ, бүгінде оның саны 300-ге жетті, – дейді Темірхан Бегісбаев.

Оның айтуынша, ауданда Инсульт орталығы қосылғалы жұмыс кестесі өзгеріп, жұмыс істейтін мамандардың саны арта түскен. «Нейрохирург, кардиолог, ангиолог дәрігерлер мен КТ құрылғысымен істейтін мамандар алынды» деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Болат Өтемұратов қоры Қостанай облысының Әулиекөл орталық аудандық ауруханасы базасында инсульт орталығын құруға және жабдықтауға 1 млрд теңге бөлінген. Бұ қаражатқа диагностикалық зерттеулер жүргізуге арналған медициналық жабдықтар сатып алынып, техникалық даярлау жүргізіліп, ғимараттары жөнделді.

Соның арқасында Инсульт орталығы ми қан айналымының жіті бұзылыстары бар науқастарға дер кезінде көмек көрсетіп, көпшілікке қолжетімді етеді. Енді жедел көмекпен қамту ауқымы облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандарды да қамтиды.

Одан екі жыл бұрын қор Алматы облысының Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппаратын сыйға тартқан. Сол кезде оның құны – 14 миллион теңге. 180 төсек-орынға есептелген аурухана Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының 50 мыңға жуық тұрғынына медициналық қызмет көрсетіп жатыр.

2019 жылы «Burabike Fest» фестивальдің өткізілуі тоқтаған соң шалғайдағы елді мекендердегі емхананың жабдықталуы да саябырсыды. Бұл бағыттағы жұмыс толығымен тоқтатылды деуге де келмейді. Себебі, қордың соңғы ірі көлемдегі көмегі – пандемия кезі. Астана мен Алматы қаласының  әкімдіктеріне 4 миллион доллар тұратын коронавирусты анықтауға арналған автоматтандырылған зертханалық комплексін сыйға тартқан болатын.

Әрине, қор денсаулық бағыты бойынша жұмысын тоқтатқан емес. Қор аутизмі бар балалар мен олардың отбасыларына кешенді қолдау көрсетуімен ел ішінде белгілі. Өйткені «Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасы бойынша Қазақстанның 12 қаласында «Асыл Мирас» аутизм орталығының 13-ін ашты. Соның арқасында осы жылдар ішінде 20 мыңнан астам бала толыққанды көмек ала алды.

Осындай үздіксіз жұмыстың нәтижесінде қор 2025 жылы Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ-тің қолдауымен Қатар қоры және Autism Speaks ұйымы бастамашысы болған Аутизмді қолдау жөніндегі жаһандық коалицияға құрылтайшы мүше ретінде қосылды. 2026 жылдан бастап Қор аутизмі бар ересектерге арналған сүйемелденген жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасын қосты.