Президент Шанхайда келіссөздер жүргізеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен ке­ліс­сөз жүргізеді. Бұдан бөлек, қытай компанияларының же­текшілерімен дөңгелек үстел өтеді.

17 шілде күні Президент Дүниежүзілік жасанды интел­лект конференциясына (WAIC) қатысады. Жиын «Жарқын бо­лашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» та­қырыбына арналып отыр.