«Таңғалып отырмын...»: Жігер Ауыпбаев әсерлі жазба жариялады (видео)

Бейнежазба желі қолданушыларының да назарын аударды.

Әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайының өнеріне тамсанғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Видеода әншінің жұбайы домбыра тартып отырғанын көруге болады. Жігер Ауыпбаев оның мұндай өнері бар екенін енді ғана біліп отырғанын айтып, таңданысын жасыра алмады.

"Таңғалып отырмын. Бұндай өнері бар екенін білмеппін. Келіндеріңіз күнне-күнге жаңа қырларын көрсетіп жатыр. Кішкентай қыздарыңыздың кішкентай ғана өнерін бағалай отырыңыздар", – деп жазды әнші.

Бейнежазба желі қолданушыларының да назарын аударды. Оқырмандар Муминаның домбыра тарту шеберлігіне жоғары баға беріп, қолдау білдірді.

Айта кетейік, Жігер Ауыпбаев жақында өзінен 15 жас кіші сүйіктісімен отау құрған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.