Абай облысының Бородулиха ауданында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха филиалы аумағында орман алқабының жануы болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы, Ішкі істер министрлігі, сондай-ақ ТЖМ, Қорғаныс министрлігі және ҰҚК авиациясы жұмылдырылды.
Өртпен күресу үшін тартылған тікұшақтар өрт ошақтарына жалпы көлемі 15 тонна су төкті. Бұл жану аумақтарын оқшаулауға мүмкіндік беруде.
ТЖМ жедел штабы барлық жұмылдырылған қызметтердің іс-қимылын үйлестіруде. Өртті жою жұмыстары жалғасуда, жағдай ведомствоның тұрақты бақылауында.