«Қашықтық бізді алыстатпайды...»: Айгүл Иманбаева жолдасынан неге жырақта екенін айтты

Айгүл Иманбаеваның айтуынша, шынайы сезім үшін арақашықтық ешқашан кедергі болмайды

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде оқырмандарының отбасылық өміріне қатысты қойған сұрағына жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Желі қолданушыларының бірі актрисадан жұбайымен екі бөлек елде тұрып жатқанын айтып, мұндай қашықтықтың қарым-қатынасқа әсер етпей ме деп сұраған.

Айгүл Иманбаеваның айтуынша, шынайы сезім үшін арақашықтық ешқашан кедергі болмайды. Ол қазіргі жағдайдың уақытша екенін айтып, «Болашақ» бағдарламасы арқылы Ұлыбританияда білім алып, енді соны өтеп жүргенін еске салды.

«Адамдар кейде бір үйде тұрса да бір-бірінен алыстап кетуі мүмкін. Ал бір-бірін шын түсінетін жандарды мыңдаған шақырым бөліп тұрса да, жүректері әрдайым жақын болады. Қашықтық бізді алыстатпайды. Өйткені бұл – бір-бірін шын түсінетін, шынайы қалайтын екі жүректің байланысы», – деді актриса.

Сондай-ақ Айгүл Иманбаева қазіргі таңда шетелде оқуын жалғастырып жүргенін және ел алдындағы міндетін орындап жатқанын жеткізді.