Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Есет Байкен 1986 жылы Қарағанды облысында туған.

Қазақ гуманитарлық-заң университетінде "қаржы" мамандығы бойынша орта арнаулы және жоғары білім алған. Сондай-ақ Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. Құқықтану және қаржы бакалавры.

Еңбек жолы

12.12.2008–18.02.2009 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жсопарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы м.а., Астана қаласы;

18.02.2009–16.07.2009 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің  жетекші маманы, Астана қаласы;

16.07.2009–28.10.2010 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің  бас маманы, Астана қаласы;

28.10.2010–23.11.2010 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;

23.11.2010–07.03.2013 ж. – Астана қаласы әкімі аппараты әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;

07.03.2013–26.08.2013 ж. – Астана қаласы әкімінің бас инспекторы, Астана қаласы;

26.08.2013–08.08.2016 ж. – Астана қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы, Астана қаласы

09.08.2016–01.08.2017 ж. -– Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Хатшылығының сарапшысы, Астана қаласы;

02.08.2017–31.01.2019 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы  бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы;

01.02.2019–03.07.2019 ж. – Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі;

29.08.2019–2020 ж. – Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы;

14.10.2020–02.2022 ж – Сарыарқа  ауданының әкімі;

09.02.2022–19.09.2022 ж. –  Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары;

19.09.2022 ж. – қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары болған.