Америкалық рэпер әрі продюсер Канье Уэсттің Қазақстанда концерт өткізуі мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алдын ала мәліметке сәйкес, концерт 14 тамыз күні сағат 21:00-де Алматының Орталық стадионында өтуі ықтимал.
Сондай-ақ тараған ақпаратқа сәйкес, концерт билеттері 20 шілдеден бастап сатылымға шығуы мүмкін. Ал Ticketon.kz сайтында билет бағасы 120 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін көрсетілген.
Айта кетейік, бұған дейін Алматының Орталық стадионында әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопес концерт қойған болатын.