Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшысы атағына таласады

Үміткерлер 2024 жылдың қыркүйегі мен 2026 жылдың тамызы аралығындағы жетістіктеріне қарай іріктелген.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) FIDE Excellence Awards сыйлығының «Жылдың үздік шахматшысы» аталымы бойынша үміткерлер қатарына енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Үміткерлер 2024 жылдың қыркүйегі мен 2026 жылдың тамызы аралығындағы жетістіктеріне қарай іріктелген.

Бұл мәртебелі марапатқа Бибісарамен қатар әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь (Қытай), әлемнің вице-чемпионы Александра Горячкина, Әлем кубогының жеңімпазы Дивья Дешмух (Үндістан), экс-әлем чемпионы Тань Чжунъи (Қытай) және өзге де жетекші шахматшылар үміткер атанып отыр.

Есепті кезеңде Бибісара Асаубаева Norway Chess Women турнирінің жеңімпазы атанып, 2026 жылғы Үміткерлер турнирінде күміс жүлде иеленді. Сонымен қатар ол FIDE Women’s Circuit рейтингінде көш бастап, мансабында алғаш рет ФИДЕ-нің әлемдік рейтингіндегі алғашқы бестікке енді.

FIDE Excellence Awards сыйлығының жеңімпаздары қыркүйек айында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтетін 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы аясында өтетін салтанатты рәсімде жарияланады.