Продюсер Баян Алагөзова Халық әртісі, актриса Меруерт Өтекешоваға жаңа пәтердің кілтін табыстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Осылайша, Баян Алағөзова осыдан екі жарым ай бұрын берген уәдесін орындады. Ол Халық әртісіне жиһаз және тұрмыстық техникамен толық қамтамасыз етілген баспананы сыйға тартты.
Продюсер екі ай бойы жөндеу жұмысын жүргізіп, сүйікті дизайнеріне Қыз Жібектің картинасын жасатқанын айтты.
“Бәрі дайын. Көшіп келіп, тұра бересіз. Қандай сезімдесіз? Ұнайды деп ойлаймын. Дизайнын өзім ойластырдым. Барлығы жайлы әрі тыныш атмосферада болғанын қаладым. Сіз жақсы көретін хрусталь шамдарды арнайы таңдадық, сүйікті суретшім Ботагөз Ақанаеваның картинасы”, – деді Баян Алагөзова.
Продюсер сонымен қатар Меруерт Өтекешоваға Түркияға демалысқа жолдама сыйлады. Меруерт Өтекешова Баян Алагөзоваға алғыс айтты.
"Не айтарымды білмей тұрмын. Жылағым келіп тұр. Бәрі керемет", - деді Халық әртісі.
Желі қолданушылары Баян Алагөзованың бұл әрекетіне тәнті болып, ақ тілегін жаудырып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.