Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасы (U19) Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатын ірі жеңіспен бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ватерполшылардың алғашқы қарсыласы Гонконг құрамасы болды. Кездесудің барлық төрт кезеңінде отандастарымыз айқын басымдық танытып, ойынды толық бақылауда ұстады.
Қорытынды есеп – 23:3.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәліметінше, ертең Қазақстан құрамасы Шри-Ланкамен кездеседі. Жалпы, жарысқа құрлықтың 12 командасы қатысып, олар екі топқа бөлінген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.