Қазгидромет 18 шілдеде ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Қызылорда облысының батысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың батысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 42-44 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 18 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі бар. Атырауда 18 шілдеде түнде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.
Астанада 18-19 шілдеде күндіз 35-36 градус ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 36-39 градус қатты ыстық болып, облыста жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Жезқазғанда 18 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қарағанды облысында 35-37 градус ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 18 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, шығысында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 18-20 шілдеде күндіз 35-38 градус ыстық болып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 18 шілдеде найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 18-20 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 18 шілдеде күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігіндегі екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 35 градус стық болып, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Петропавлда 18 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 18 шілдеде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 18-21 шілдеде күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 18 шілдеде таңертең және күннің бірінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, қалада 18-21 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 18-21 шілдеде күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Семейде 18 шілдеде жел солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, қалада 18-21 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 38-42 градус қатты ыстық болып, облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 18 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады.
18-20 шілдеде түнде Жамбыл облысының облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 18-20 шілдеде облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 18-20 шілдеде солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Қалада 18-20 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. 18-20 шілдеде күндіз облыста 40-45 градус өте қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда да 18-20 шілдеде күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 18 шілдеде күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
18-20 шілдеде күндіз Алматы облысының шығысында 40-45 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 18-20 шілдеде күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта да 18-20 шілдеде күндіз 41-43 градус өте қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз 18-19 шілдеде 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Көкшетауда 18 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.