Тамара Асар мерейтойында ерекше сый алғанын айтты

Президент әншіні мерейтойымен құттықтаған.

Әнші Тамара Асар желідегі парақшасында Президенттен құттықтау алғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі бұл мерейтойында қуанышын еселей түскенін жеткізді.

"Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан туған күніме, мерейлі жасыма арнайы құттықтау хаттамасын алдым. Маған ресми түрде Алматы әкімдігі, атап айтқанда, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов табыстады. Өте ерекше құрмет пен қабылдау болды, рақмет. Шын жүректен өз атымнан және отбасымның атынан қуанышымды бөлісе отырып, Президентке рақмет айтамын. Ардақты ағайын! Кеше түннен бастап, гүлге оранып, сыйлықтар алып, ыстық тілектердің лек-легімен қабылдау үстіндемін! Тілектес болып құттықтап жатқан баршаңызға рақмет", - деп жазды әнші. 

Айта кетейік, Тамара Асардың парияға мүше болып, құрылтай депутаттығына үміткер ретінде тіркелгені қызу талқыға түскен еді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM   арнасынан табасыз.